$ 494.87  520.65  4.91

Бишімбаев пен Байжановқа қатысты сот жалғасы тікелей эфирде өтеді

Бишімбаев пен Байжановқа қатысты сот отырысының жалғасы тікелей эфирде өтеді

Фото: Астана сотының баспасөз қызметі
Фото: Астана сотының баспасөз қызметі

ҚР Жоғарғы соты  Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановқа қатысты қылмыстық іс апелляциялық сатыға түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«ҚР Жоғарғы соты республика соттарының отырыстарын тікелей эфирде өткізу тәжірибесін жалғастырып жатыр. Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановқа қатысты қылмыстық іс апелляциялық сатыға түсті», - делінген хабарламада.

Жоғарғы Сот қоғамның сот процесіне қызығушылығының артқанын ескере отырып, апелляциялық сатыдағы сот отырыстарының онлайн-трансляциясын жалғастыру туралы шешім қабылданды. Сот отырыстары тікелей эфирде өтеді. 

Бұл сот процесінің барысы туралы барлық ақпарат Жоғарғы Соттың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жедел жарияланады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары