$ 494.87  520.65  4.91

Алматының көркін қашыратын нысандар жекеменшікке өтпейді

Алматының көркін бұзған нысандар жекешелендірілмейді. Бұл әсіресе қызыл сызықта орналасқан ғимараттарға қатысты, деп хабаралйды Baq.kz

Жабайы сауданың ордасына айналған барахолкада қазір 16 базар толық және жартылай қиратылды. Қалалық жер қатынастары басқармасының дерегінше, 16 гектар жер босатылған. Қазір бұл маңда автокөлік жолының құрылысы басталып та кетті. Ал қалған 14 базардың басшыларымен келіссөздер жүргізілуде.

— Бас жоба бойынша қаладан шығатын жолдар белгіленді. Тар бұрынғы уақытта салынған, солардың барлығын кеңейтіп, қазіргі заманға сай, үлкен автожолдар салуымыз қажет. Атап өтейін, Жандосов, Абай, Төле би көшесі, — деді Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасының жетекшісі Ғабит САДЫРБАЕВ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары