Ол Тимур Құлыбаевтың серіктесі.
Грекиядағы өртке себеп болған отшашуды атқан туристер арасында Данияр Әбілғазин де болуы мүмкін, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.
Мұндай ақпаратты Қазақстанның билігі жайлы ақпарат таратып отыратын «Чемодан госсекретов» телеграм-каналы жазды.
Яхтаны Әбілғазин жалға алған. Грекияның Ішкі істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінен біздің сауалымызға жауап алған жоқпыз. Бірақ егер жалға алушының аты-жөні расталса, онда қазақстандық туристер заңгер жалдау және келтірілген шығынды өтеу жағынан қиындық көрмеуі керек, – делінген жазбада.
Данияр Әбілғазин Тимур Құлыбаевтың серіктесі әрі 380 миллион долларға бағаланған байлығымен отандық Forbes тізімінде 21-орынға ие.
Еске сала кетейік, қазақстандық туристер яхтада отшашу атып, Грекиядағы аралды өртеп жіберген еді.
Жұма күні кешке отшашу атылған чартерлік яхта тәркіленді. Кінәлілерге 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру және 200 000 евро көлемінде айыппұл төлеу жазасы қарастырылған.