Найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
"Қазгидромет" РМК бүгінге, яғни 24 маусымға арналған ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, еліміз бойынша тұрақсыз ауа райы сақталады.
ҚР аумағының басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады, күндіз еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда нөсер жаңбыр жауады, республика бойынша ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы, бұршақтың түсуі, - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
Күндіз Абай, Жетісу, Алматы, Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады.
Ақтөбе, Алматы облыстары, Ұлытау өңірінің солтүстігінде, шығысында, Абай облысының солтүстігінде, Қарағанды өңірінің батысында, орталығында , Ақмола облысының батысында, ШҚО-ның оңтүстігінде, Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, Жетісу өңірінің солтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының шығысында, орталығында, Атырау облысының батысында жоғары өрт сөндіру қаупі сақталады. Ал Батыс Қазақстан облысының шығысында өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі.
Атырау, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы облысының солтүстігінде, Ұлытау, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде және Абай, Жетісу облыстарының солтүстігінде, шығысында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қазақстанның ірі мегаполистерінде бүгін ауа райы құбылмалы болады.
Астана қаласында 24 маусым күгі аспан бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы - 9-14 м/с, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +19...+21 °C, күндіз: +27...+29 °C.
Алматыда бүгін аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы - 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +21...+23 °C, күндіз: +30...+32 °C.
Шымкентте бүгін аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы - 8-13 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +21...+24 °C, күндіз: +32...+34 °C.