Күрес әлі жалғасып жатыр.
Лаңкестер Махачкала және Дербент қалаларында шабуылдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Атыс барысында діни қызметкер мен күзетші қаза тапқан.
Қазіргі уақытта лаңкестердің нақты саны белгісіз. Жергілікті ақпарат құралдары шабуыл жасаушылардың екеуі Дағыстанның Сергокалин ауданының басшысы Магомед Омаровтың балалары болуы мүмкін деп жазады. Сонымен бірге жергілікті ақпарат көздері шенеуніктің отставкаға кету туралы өтініш жазғанын хабарлаған. Қазір ол ұсталып, үйінде тінту жүргізілуде.
Төрт содырдың көзі жойылды. Олардың арасында аудан басшысының ұлдары бар-жоғы әзірге белгісіз.
Сондай-ақ атыс кезінде 7 полицей мерт болып, 12 полицей жараланған. Күрес әлі жалғасып жатыр.
Қаладан шығар жолдар толықтай жабылған. Әр көлік тексерілуде.