$ 465.52  498.2  5.45

Чили жанкүйерлері марқұмды ақтық сапарға шығарып салу рәсімінде футбол көріп отырған (ВИДЕО)

Олар «жаназаны» ысырып қойып, теледидарға телмірген.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде Чилиде түсірілген видео қызу талқылануда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

1bol.kz сайтының жазуынша, онда табытта жатқан марқұмның жанына жиналғандар футбол матчын тамашалап отыр.

Белгілі болғандай, қайтыс болған адамды ақтық сапарға шығарып салуға жиналғандар «жаназаны» ысырып қойып, теледидарға телмірген. Өйткені, бұл уақытта Америка кубогі аясында олардың сүйікті құрамасы Перумен ойнаған болатын.

Видеоға қатысты оқырман пікірі әртүрлі, бірі сынап жатса, енді бірі жанкүйерлердің бұл әрекетіне түсіністікпен қараған, арасында түрлі әзіл де бар.

«Чилидің өз атмосферасы бар», «Марқұм орнынан тұрып кетіп, басқалармен бірге футбол көретін шығар деген оймен отырдым», «Бірге көрген қызық қой», «Кейбір елдерде футбол ол спорт түрі ғана емес, оның ұғымы әлдеқайда кең», - деп жазып жатыр оқырмандар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары