Дәрігерлер ойыншыға алғашқы көмек көрсету үшін дереу алаңға жүгірді.
"Ференцварош" клубы мен Венгрия құрамасының шабуылшысы Барнабаш Варга матч кезінде орын алған қатты соқтығыс салдарынан ауыр жарақаттанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
KAZ.NUR.KZ мәліметінше, Шотландия құрамасына қарсы матчтың 68-минутында 29 жастағы шабуылшы Барнабаш Варга қарсылас команданың қақпашысы Ангус Ганнмен және қорғаушы Грант Хэнлимен қақтығысады. Оқиғадан кейін шабуылшы көгалға құлап, бетін қолымен жауып жатып қалды. Дәрігерлер ойыншыға алғашқы көмек көрсету үшін дереу алаңға жүгірді. Ал бұл туралы Венгрияның футбол ассоциациясы да мәлімдеме жасады.
"Соқтығысу кезінде Варганың бірнеше бет сүйегі сынған. Сондай-ақ оның миы шайқалған. Шабуылшыға операция жасалуы мүмкін. Ол түнді Штутгарт ауруханасында өткізеді. Оған бүкіл команда қолдау көрсетеді", - деп жазылған Венгрияның футбол ассоциациясының Х әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында.