$ 479.38  531.63  5.27

Танымал әнші Баян Сағынбаева қайтыс болды

«Қазақконцертте» еңбек етіп, Өзбекстан, Түрікменстан, Башқұртстан, Удмуртия, Қарақалпақстан елдерінде гастрольдік сапарларда болды.

Фото: amire.kz
Фото: amire.kz

Әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Баян Сағынбаева қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол 74 жасқа қараған шағында ауыр науқастан дүниеден озған.

Баян Сағынбаева 1951 жылы 14 наурызда бұрынғы Семей облысы, қазіргі Абай облысы Абай ауданында туған. Ол 16 жасында М.Әуезовтің "Қаракөз" шығармасында  Қаракөз рөлін ойнап, елге танымал болды.

Танымал әнші өз уақытында «Қазақконцертте» еңбек етіп, Өзбекстан, Түрікменстан, Башқұртстан, Удмуртия, Қарақалпақстан елдерінде гастрольдік сапарларда болды. Кейіннен Семей қаласындағы М.Төлебаев атындағы саз колледжінде ұстаздық етеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары