$ 494.87  520.65  4.91

46 градус: Алдағы уақытта аптап ыстық болады

Иран аймақтарынан Қазақстан аумағына жылы ауа массалары ене бастайды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

"Қазгидромет" РМК Қазақстан тұрғындарын алдағы үш күнде – 2024 жылғы 25 маусым мен 27 маусым аралығында қандай ауа райы күтіп тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, республикаға аптап ыстық болады.

"Жақын күндері Иран аймақтарынан Қазақстан аумағына жылы ауа массалары ене бастайды. 25-26 маусымда еліміздің батыс және солтүстік облыстарында жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр күтілетініне қарамастан, 27 маусымға қарай аптап ыстық республиканың солтүстігіне де жетеді. Қазақстанның солтүстігінде күндізгі ауа температурасы +35+38°С, оңтүстігінде өте қатты ыстық +40+46°C дейін көтеріледі", - делінген хабарламада.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2024 жылдың 24 маусымында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары