БҚО Полиция департаментінің өкілдері оқиғаны растады.
Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің ғимаратында қызметтік қарудан жарақат алған полицей аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Мой город» порталының мәліметінше, полиция қызметкері бақылау-өткізу бекетінде абайсызда өз-өзіне оқ атқан деген болжам бар.
БҚО Полиция департаментінің өкілдері полицейдің жансақтау бөліміне жеткізілгенін растады.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қазіргі уақытта полиция қызметкері жансақтау бөлімінде жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді, – деп хабарлады полиция өкілдері.