$ 494.87  520.65  4.91

«Журналистерге шабуыл жасалмауы керек»: депутат «Бәсенің» тілшісі Айдос Садықовқа қатысты пікір білдірді

Қазір Украина мен Қазақстан құқық қорғау органдары бұл мәселемен айналысып жатыр.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин Qasqa Jol youtube каналына берген сұқбатында отандасымыз Айдос Садықовтың оққа ұшуына алаңдаушылық білдіріп, журналист қауымына шабуыл жасалмауы керек деген ойын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Мен ол жігіті танымаймын. Былайша айтқанда журналист болсын, адам болсын ешкім адамның өміріне қол сұғуға болмайды. Екіншіден Президент тапсырма берді. Қазір Украина мен Қазақстан құқық қорғау органдары бұл мәселемен айналысып жатыр. Менің қолымда тергеу материалдары жоқ, оны көрген де жоқпын. Тек әлеуметтік желіде танысқанмын. Сондай азамат, соған барған деген. Енді бұл мәселе құқық қорғау органдарының құзыретіндегі нәрсе. Біз ресми айналысып жатқан тергеу-тексеру комиссиясы ма, арнайы құрылған топ па, солардың тексеру нәтижелерін күтуіміз керек деп есептеймін» - деді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары