$ 471.46  504.79  5.53

Қарағандыда жас жұбайлар отырған көлік апатқа ұшырады (ФОТО)

Toyota мен BMW көліктерін тізгіндегендер соқтығысқан.

Фото: Еkaraganda.kz
Фото: Еkaraganda.kz

Қарағандыда жас жұбайлар отырған көлік апатқа ұшырады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Еkaraganda.kz парақшасының жазуынша, оқиға 22 маусымда болған. Бұқар жырау көшесінде орналасқан базар маңында Toyota мен BMW көліктерін тізгіндегендер соқтығысқан. Сонымен қатар сол орында тұрақта тұрған Chevrolet көлігіне де зақым келген. Апат салдарынан үш адам ауыр жарақат алды. Куәгерлер жол апаты той серуеніне шыққандар, соның ішінде ол көлікті басқарған жүргізуші кінәлі дейді. Ол көліктің ішінде қалыңдық та отырған.

«Апат салдарынан Toyota және BMW көліктерінің жүргізушісі, әрі BMW-де отырған 20 жастағы қалыңдық медициналық мекемеге жеткізілді. Полиция істі тіркеді. Сараптама жұмыстары жүргізілген соң, іс жүргізу шешімі белгілі болады», – дейді Қарағанды облыстық полиция департаментінің өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары