$ 494.87  520.65  4.91

«Еркек ешқашан әйелдікі болмаған»: Белгілі ақын күйеуі 50 жасында сатқындық жасағанын айтты

Ол "мұндайды қой" деп айтады деп ойлады. Мен "қой" дегеніммен, бір құлаған көңіл қоя ма? Оның бәрін біліп тұрмын ғой.

Ақын Ханбибі Есенқараева "Менің өмірім" бағдарламасына берген сұхбатында марқұм жолдасы Тұрдықылыш Ізтаевтың 50 жасында бір әйелмен көңіл қосқанын айтты, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ақын күйеуінің мұндай әрекеті туралы білгенде тыныштықпен бақыт тілеп, жіберген, деп жазады Massaget.kz.

"50 жасында жолдасым бір әйелмен көңіл қосыпты. Ол кезде мен филармонияның директорымын, ал жолдасымды филармонияға бас дирижер және көркемдік жетекші қылып, қызметке алғам. Себебі, ол өзінің қызметінен кетіп қалған еді. Министрдің приказымен оны қызметке алдым. Сомен мен Алматыға командировкаға келем, ауруханаға жатып қаламын. Әртістердің бәріне бірдей топырақ шашқым келмейді, бірақ көбінің жан дүниесі жарамсыз адамдар ғой. Отырыс ұйымдастырады, ол отырыстар біздікі секілді елге пайдасы тиетін отырыс емес қой. Бір әйел келеді, танысады. Осындай сөздер менің құлағыма жетеді. Бір күні шақырып алдым да, "осындай естіп жатырмын, жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды" дедім, сөйтсем "өзі ғой, келе беретін" деді. Мен сонда "ол ғашық шығар, сен де ғашық шығарсың. Айтсаңшы. Біз тек ерлі-зайыпты емеспіз, біз доспыз, туыспыз" дедім. Ол "мұндайды қой" деп айтады деп ойлады. Мен "қой" дегеніммен, бір құлаған көңіл қоя ма? Оның бәрін біліп тұрмын ғой. Сосын айттым "егер бір-біріңді ұнатсаңдар, мен не дейін, бақытты бол. Екеуміз де өнер адамдарымыз, біреуміз бақытты болуымыз керек қой. Сен-ақ бақытты бол" дедім. "Жақсы. мынау көліктің кілті, мынау үйдің кілті" деп бердім. Кілттерді алып кабинеттен шығып бара жатқанда көзінің жасын сығып бара жатыр екен. Ол енді адал, таза адам ғой. Жаңағыдай қылыққа барған, одан өзін ақтай алмай жүр. Тазалығы ғой. Басқа еркек болса, олай көзіне жас алмайтын еді. Мені қимай бара жатыр. Негізі ажырасқанда көп адам ұрыс-керіс, жанжал болып, қатты дау шығады ғой. Сол қатты ұрыс-керістен гөрі, осындай жәй айтылған сөздің мықты болатынын сол кезде түсіндім", - деді ол.

Ханбибі Есенқараева кей кездері "біздің отбасыға көз тиді ме?" деп ойлайтынын жасырмады.

"Мен де жылаймын, тек ешкімге көрсетпеймін. Оңай емес. 30 жыл, 3 бала. Бірге қызмет істедік, біреуіміз ән жазамыз. Кейде "біздің отбасыға көз тиді ме" деп ойлаймын. Қазақтың сондай да нәрселері бар ғой. Бәрі таңғалатын, ұядағы балапан секілді едік. Қыздарым өсіп қалған, үлкенім тұрмыста еді, содан ол маған "сен әлі жассың, әдемісің, сен де күйеуге шық" дейді. Мен оған "ит боқ жеді деп, мен де боқ жеймін бе?" дедім. Сосын екінші қызым "өзіңе көңілдес тап" дейді, ол "көңілдесті ұстау үшін дарын керек қой, мен өз байымнан айрылып қалдым ғой. Одан да тыныштықпен өмір сүрейік, менің қалған өмірім сендерге арналады. Кете берсін. Еркек ешқашан әйелдікі болмаған, ол Құдайдыкі немесе басқа қатындыкі" дедім", - деді ол.

Тұрдықылыш Ізтаев сол кеткеннен қайта келмепті.

"Менің оған бірнәрсе деп айтуға хақым жоқ. Өйткені ол оның таңдауы, ол сүйікті адамын тапты, олардың ортақ заттары болды. Шығармашылық адамдарда ішінен шыққан балаларынан қымбат нәрселер де болады екен ғой. Сол кеткеннен келмеді. Біреулер көреді екен, тапқан-таянғанын ылғи мейрамханаға жұмсайтын көрінеді. Оның соңы неге апаратынын біледі әрбір адам. Соңында ол ауыр қаза тапты. Біреулер суретке түсіріп, маған жіберген екен, көріп жүрегім ауырып, аяп кеттім. Пәтер деді пәтерді бердім, көлік деді көлікті бердім, бір күні "көлік бердің, көлікжай бермедің" деді. Мұның бәрін айтқызып отырған анау әйел ғой. Көлікжайды да бердім. Қызым "неге бере бересің?" деп ашуланды. Сонда мен "бер, оның тарихы да жоқ, болашағы да жоқ. Тарихы сендер едіңдер, өз қолымен сызып тастады. Болашағы анау, алған әйелі 20 жылдан бері неге тумайды?" дедім. Баласы жоқ адамның болашағы бар ма? "Ал сенің болашағың алдыңда" дедім. Оның тағдыры аянышты, оны табаламаймын, ол жаман қолға түсті. Нурикамалға үйленгенде үшеуміз де бақытты болар едік. Бірақ сол қайтыс болғанда хостелден шығарыпты", - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 90
Ұнамайды 21
Күлкілі 11
Ашулы 12

Серіктес жаңалықтары