$ 471.46  504.79  5.53

БҚО-да «үздік ауыл әкімі» ішімдік ішіп ұсталды

Әкімнің өзі үйде сыра ішкенін айтты.

Фото: pixabay
Фото: pixabay

БҚО-да Мерей ауылдық округі әкімі Орынбек Насимуллин қоғамдық орында мас күйінде пайда болғаны үшін айыппұл арқалады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әкімнің 1 маусымда түнде мас күйінде серуендегенін жергілікті тұрғындар құқық қорғаушы және «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі Бауыржан Ахметжанға айтып береді. Осыдан кейін елді мекенге аудан әкімі Талғат Шәкіров пен прокурор тексеріспен келген, деп жазады Azattyq Rýhy.

Насимуллинге қатысты мән-жайлар анықталғаннан кейін ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша «алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болу» бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Оған бес АЕК (18 460 теңге) айыппұл салынып, ескерту берілді.

«Біз сондай-ақ мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне сұрау жіберіп, оны тәртіптік жауапкершілікке тартуды сұрадық. Әкімнің өзі үйде сыра ішкенін айтты. Көшеде шу естіліп, ол қарауға шығыпты», - деді Бауыржан Ахметжан.

2022 жылы Орынбек Насимуллин «Үздік ауыл әкімі» атанған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары