$ 498.34  519.72  4.85

«Ер науқастарды емдеуден бас тартады»: Дінтанушы хиджаб киетін медицина студенттеріне шағымданды

Олар ер науқастарға жақындамайды, алғашқы медициналық көмек көрсетпейді.

Фото: Bashlarov.ru
Фото: Bashlarov.ru

Дінтанушы Елнар Берікбаев медициналық университет пен колледждегі хиджаб киетін студент қыздар ер науқастарды емдеуден және діни киімдердің орнына арнайы халат пен қалпақ киюден бас тартатынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Елнар Берікбаев операция бөлмесіне кірген кезде көшедегі киіміңізді зарарсыздандырылған медициналық киімге ауыстыру керегін айтты, деп жазады stan.kz.

Қалпақты міндетті түрде кию керек. Олар хиджабын шешіп, қалпақ киюден бас тартады. Сондай-ақ практика кезінде олар ер адамдарға жақындаудан бас тартады. Мемлекет тарапынан қандай да бір кемсітушілік емес, діндарлардың өздері тарапынан бас тарту бар, – деді ол.

Дінтанушы кейбір қыздардың бюджет есебінен оқып, шәкіртақы алатынын айтты. Ал олар ер науқастарға жақындамайды, алғашқы медициналық көмек көрсетпейді дейді. 

Бұл не өзі? Бұл дұрыс па? Менің ойымша, теологиялық тұрғыдан алғанда, әрбір дінде ең маңыздысы – адам өмірі. Адамның өмірін сақтау. 5:32 деген аят бар. Онда "Бір адамды құтқарғандар бүкіл адамзатты құтқарғандармен тең" деп жазылған, – деді Берікбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 13
Ұнамайды 5
Күлкілі 3
Ашулы 7

Серіктес жаңалықтары