"ҚазТрансГаз-Аймақ" АҚ алдындағы қарызы 24,6 млрд теңгені құрайды.
ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев 2024 жылғы 25 маусымдағы үкімет отырысында еліміздің энергия өндіруші ұйымдардың қарызға батқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Энергия өндіруші ұйымдардың "ҚазТрансГаз-Аймақ" АҚ алдындағы қарызы 24,6 млрд теңгені құрайды. Сондай-ақ энергия өндіруші ұйымдардың "Богатырь-Көмір" ЖШС алдында 6 миллиард теңгеден астам қарызы бар. Энергетика кәсіпорындары қарызды өтеуді жеделдету керек, - деді Алмасадам Сатқалиев.
2024 жылғы 10 мамырда ҚР Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жылу электр станцияларының (ЖЭО) әбден тозығы жеткенін айтқан болатын.