$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда жұмыс уақыты бір сағат ерте басталуы мүмкін

Бізге уақыт белдеуіне қатысты көп хат келіп жатыр.

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова  уақыт белдеуіне қатысты ұсыныс жайлы айтты,  деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Елімізде наурыз айынан бастап бірыңғай уақыт белдеуі енгізіліп, бір сағат кейінге шегерілген болатын. Тұрғындар таңның ерте атуына қатысты шағымданып, қыс мезгілінде жұмыс аяқталғанда тым қараңғы болатынын алға тартты, деп жазады Azattyq Ryhy. Бұған қатысты министр төмендегідей пікір білдірді. 

«Бізге уақыт белдеуіне қатысты көп хат келіп жатыр. Біз ол хаттарға бір тәсілді негізде жауап береміз. Жұмыс беруші мен жұмысшының арасында келісімшарт бар. Жұмыс кестесін екі тарап келісіп жасайды. Сондықтан қараңғы уақытта жұмыс істемеу үшін жұмыс 9:00-ден басталса, оны жұмыс берушімен келісіп, 8:00-ден бастаса бір сағатты қысқартады»,- дейді Жақыпова.

Министр сондай ұсыныс түскенін де айтты.

«Ол шешім күрделі емес. Жұмыс беруші мен жұмысшы келісе алады. Жеке меншік және бюджеттік мекемелерге жұмысты бір сағат ерте бастауға ұсыныс бердік. Екі тараптың бірлесіп шешуі заңда жазылған»,- дейді ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 2
Күлкілі 5
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары