Жалпы, Париж Олимпиадасына Қазақстан атынан грек-рим күресінен 4 балуан барады.
Париж Олимпиадасына грек-рим күресінен еліміздің атынан 130 кг салмаққа дейін Әлімхан Сыздықов спортшылардың мемлекеттік тілде сөйлеуі туралы айтты. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы «Спорт Министрі» YouTube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бағдарлама жүргізушісі одан «Күрестегі орта қазақы, бәрі де қазақша сөйлейді. Бұл әуел бастан қалыптасқан дүние ме, әлде арнайы шаралардың, тәрбие сағаттарының нәтижесі ме? деп сұрады.
«Орыс жігіттердің өзі қазақша сөйлейді. Қазақ тілін спорт мектебінде, интернатта үйренген. Өздері осындай қазақы ортада жүргеннен кейін мемлекеттік тілді меңгеріп кеткен», - деді Әлімхан Сыздықов.
Айта кетейік, грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі 130 кг дейін салмақта Әлімхан Сыздықов Бішкекте өткен (Қырғызстан) іріктеуде Олимпиада жолдамасының иегері атанды. Жартылай финалдық кездесуде Әлімхан Сыздықов Роман Кимді (Қырғызстан) жеңіп, жолдамаға қол жеткізген болатын. Жалпы, Париж Олимпиадасына Қазақстан атынан грек-рим күресінен 4 балуан барады.