Светлана Жақыпова брендердің көшірмесін кигені үшін ұялмайтынын, байлыққа қызықпайтынын, тіпті шетелде демалмағанын ашық айтты.
Жуырда журналистер Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Dior брендінің көзілдірігін тағады деген күдікті сұраққа тап болған. Бүгін үкімет кулуарында ол көзілдірігі брендтің көшірмесі екенін және ешқашан бренд киім кимегенін айтты. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Аzattyq rýhy-на сілтеме жасап хабарлайды.
«Көзілдірігім Dior-дың жақсы көшірмесі, бағасы 25 мың теңге. Алған оптика дүкенінің мекен-жайын да бере аламын. Костюмді де қайдан алғанымды айта аламын. Мен әлемдік брендердің көшірмелерін кигенім үшін ұялмаймын. Бренд киім, әдемі өмірдің артынан қумаймын. Менің арым таза, мен бүкіл еңбек жолымда тіпті, ешқашан шетелде демалған емеспін», - деді министр.