Ол Айжан Құлбаеваның Бишімбаев пен Байжанов жасындағы ұлдары бар төрт кандидатты жеке өзі алып тастағанын айтты.
Бишімбаев пен Байжановқа қатысты апелляциялық сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Сотқа Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді, Бишімбаевтың анасы мен оның әпкесі, адвокаттар Вранчев, Омарова, Құсайынова, Рамазанова, Ғазымжанов келді.
Бишімбаевтың қорғаушысы Ғазымжанов үкімнің күшін жоюды сұрады. Айтуынша, алдыңғы сот отырысында көптеген заң бұзушылықтар орын алған. Заң бұзушылық алқабилерді іріктеу кезінде басталған дейді.
Ол Айжан Құлбаеваның Бишімбаев пен Байжанов жасындағы ұлдары бар төрт кандидатты жеке өзі алып тастағанын айтты. Сонымен бірге хаттамада үміткерлердің өздері қатысудан бас тартқаны жазылды дейді. Сөзінше, осы төрт үміткердің біреуін негізгі құрамға қосқанда үкім мүлдем басқаша болуы мүмкін еді.
"Мен адвокат ретінде бұл үкіммен келіспеймін. Ол заңсыз деп есептеймін. 106 - бап-абайсызда адам өлтіру, өзгертілген бапқа сәйкес жазаны төмендету керек деп есептеймін. Ал Азаптау бабы бойынша үкімнің күші жойылып, іс басқа құрамда жаңа қарауға жіберілуі керек деп санаймын. Үкімді өзгерту әбден мүмкін нәрсе. Себебі бірінші сатыдағы сотта заңбұзушылықтар болды", - дейді адвокат.