$ 481.84  531.33  5.07

Билеген: Алматыда бойжеткен жетінші қабаттан құлап кетті (ВИДЕО)

Себеп-салдары мен мән-жайы анықталып жатыр.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы көп қабатты үйдің терезесінен әйелдің құлап кеткені хабарланды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желіде тараған бейнежазбада әйелдің тұрғын үйдің терезесіне шығып, оқыс қылықтар жасағанын көруге болады. Аталған жағдайға байланысты Полиция департаменті түсініктеме беріп, оқиға «Теремки» тұрғын үй кешенінде болғанын растады.

«Өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Себеп-салдары мен мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады ПД баспасөз қызметінен.

Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасы келіншек жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болып кеткенін мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары