$ 495.2  522.34  4.94

Алматы метросында миллиардтап ақша жымқырған 10 адамға үкім шықты

Жалған фирмалар арқылы шығарғанын дәлелдеді.

Фото: kolesa.kz Автор: Алмаз Толеке
Фото: kolesa.kz Автор: Алмаз Толеке

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотымен оңтүстік астанадағы метро құрылысы кезінде 5 миллиард теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталған 10 адамға қатысты үкім шығарылды. Қылмысқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді көлік прокуратурасы жүргізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Сот талқылауы барысында айыптау жағы сотталушылардың «Метрополитен» КМК, «Алматыметроқұрылыс» АҚ, «Автоматтандыру және технологиялар қызметі» ЖШС басшылары бола отырып, адамдар тобымен, 2018 жылдың маусымынан 2020 жылдың тамызына дейінгі кезеңде «Сарыарқа» және «Достық» станцияларын салу барысында қаржылық алаяқтықпен, оның ішінде жабдықтың құнын арттырып (іс жүзінде 10 есе), тұрақты түрде ірі көлемдегі ақшаларды жалған фирмалар арқылы шығарғанын дәлелдеді", - делінген Бас көлік прокуратурасы хабарламасында.

Сотталғандар мемлекеттік және қаржы ұйымдарында жұмыс істеу құқығынан айырыла отырып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды (негізгі фигуранттар 7 жылдан 8 жылға дейін). Сонымен қатар, сот 1 млрд теңгеден астам сомаға тыйым салынған мүлікті тәркілеуді қолданып, мемлекетке келтірілген шығынды өндірді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары