Марқұмның кім екені анықталды.
Жетісу ауданында өзен арнасынан ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл ақпаратты Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі ақпаратты растады.
Судағы ер адамның денесін бүгін таңеретең сол маңнан өтіп бара жатқан адам көріп, полиция шақырған.
«Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды. Марқұмның кім екені белгілі болды. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр», - деді Салтанат Әзірбек.