26.06.2024, 16:40

ІІМ Садықовты атты деген күдіктілерге қатысты пікір білдірді

Фото: ort.com

Биыл 22 маусымда Қазақстанның Бас прокуратурасы Киевте Айдос Садықовты атып кетті деп айыпталған күдіктілердің біреуі (Алтай Жақанбаев) қамалғанын хабарлады. 

ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Киевте Айдос Садықовқа қастандық жасады деген күдікпен ұсталған А. Жақанбаевқа қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

ІІМ өкіліне күдікті Жақанбаевқа қатысты сұрақ қойылды. Қожаев күдікті Қазақстанның ішкі істер органдарына өз бетінше хабарласқанын айтты.

«Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Арнайы прокурорлар осы іспен айналысып отыр. Ішкі істер министрлігі қазір жедел іздестіру қызметімен айналысып жатыр», - деді ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары.