Оның айтуынша, Өскеменде ұшаққа мінер алдында жүк тапсырған, алайда, Алматыға қонғанда гитарасын таппаған.
Әуе компаниясының өкілдері елімізге танымал музыкант Ерлан Көкеевтің жүгін жоғалту фактісін растады. Сондай-ақ, Air Astana жәбірленушіден өтініш қабылдағанын және қазір гитара салынған қораптың іздестіріліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.
«Бүгінде авиакомпания бақылау камераларының жазбаларын пайдалана отырып, жүкті іздестіруде. Біз гитараны табу үшін бар күшімізді саламыз», - деп хабарлады Air Astana өкілі агенттік тілшісіне.
Айта кетсек, музыкалық аспаптың жоғалғаны туралы Ерлан Көкеев әлеуметтік желіде хабарлады.
Оның айтуынша, Өскеменде ұшаққа мінер алдында жүк тапсырған, алайда, Алматыға қонғанда гитарасын таппаған.
Музыканттың айтуынша, мұндай оқиға бірінші рет болып жатқан жоқ және барлық жағдай Air Astana әуе компаниясына қатысты.