$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстандағы кей банктердің қосымшасы қауіпті болып шықты

Аталған банк есепті уақтылы ұсынбаған.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Мобильді қосымша арқылы төлем жасау кең таралып келеді. Алайда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (АРРФР) қауіп барын ескертеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Агенттік 5 банктің қосымшасы ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін анықтаған. Олардың қатарында: Halyk, ВТБ, Bereke, RBK және "Нұрбанк". Агенттік қаржы ұйымдарынан мәселені реттеуді талап етті.

Сондай-ақ, банк қылмыстық кірістерді заңдастыруға және жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша Қаржылық мониторинг ережелерін бұзғандықтан, ведомство RBK-дан 2,3 млн теңге өндіріп алды. Аталған банк есепті уақтылы ұсынбаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары