Ол адвокат Ғазиз Ынтықбековтың сөзіне жауап берді.
Астанада азаматтық некедегі әйелін өлтірді деп айыпталып 24 жылға сотталған экс-министр Қуаныдық Бишімбаев пен аса ауыр қылмысты жасырды деп айыпталып, 4 жылға бас бостандығынан айырылған Бақытжан Байжановқа қатысты аппеляциялық сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жәбірленуші марқұм салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Бақытжан Байжановтың адвокаты Ғазиз Ынтықбековтың сөзіне жауап берді.
Ол адвокаттың Байжановтың отбасы асыраушысыз қалды дегенін аппеляциялық шағым ретінде қарауға жеткіліксіз деп санайды.
Байжанов – отбасындағы жалғыз асыраушы, отбасында ақша жоқ деген әңгімелер айтылып жатыр. Бірақ Бишімбаевтың мүлкі Байжановтың атына тіркелгенін бәрі жақсы біледі. Егер ол дүние-мүліктерді сатса, Байжанов жазасын өтеп шыққанға дейінгі уақытқа жетеді деп ойлаймын, – дейді марқұмның ағасы.
Сондай-ақ ол "бір лексусты сатса, 4 жыл өмір сүруге жететінін" айтты.