$ 474.62  517.19  5.39

S&P халықаралық агенттігі Kaspi-дің рейтингін көтерді

Талдаушылар Kaspi брендінің танымалдығын және бірегей бизнес стратегиясын атап өтті.

Фото: Kaspi
Фото: Kaspi

S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі Kaspi Bank-тің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін халықаралық өлшем бойынша «ВВ+»-ке дейін және банктің рейтингін ұлттық өлшем бойынша «kzAA+»-ға дейін көтерді.

Михаил Ломтадзе , Kaspi.kz-тің басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі:

«Біз тағы да халықаралық рейтинг агенттігінің жоғары бағасын алдық. S&P талдаушылары көптеген жылдар бойы біздің компанияның дамуын бақылап келеді. Агенттік Kaspi.kz-тің бірегей және табысты бизнес стратегиясы бар екендігін атап өтті. Бұл командамыздың Қазақстандағы жұмысының нәтижесі. Бізге 14 миллионнан астам қазақстандық және 700 мыңға жуық серіктес сенім артады, олардың көпшілігі шағын және орта бизнес компаниялары. Бізбен бірге болғаны үшін әрбір сүйікті клиентіміз бен серіктесімізге рақмет айтамыз!»

S&P өзін жақсы жағынан танытқан клиенттік базаны және Kaspi брендінің танылуын, сондай-ақ бизнес құрылымын стратегиялық дамытудың оң тәжірибесін атап өтті.

Талдаушылардың пікірінше, Kaspi-дің қаржылық көрсеткіштері салыстырылатын компаниялардың көрсеткіштерінен асып түседі. Рейтинг сонымен қатар Kaspi-дің бизнес құрылымы, тексерілген стратегия, сондай-ақ нарықта берік орнығуы компанияның тұрақтылығын қамтамасыз етеді деген болжамды көрсетеді. Болжамды жоғары пайда көрсеткіштері Kaspi-ге стресстік жағдайда тұрақтылықты арттыру үшін жеткілікті резерв көлемін құруға көмектеседі және көптеген салыстырмалы компанияларға қарағанда жоғары тәуекелдерді жеңуге мүмкіндік береді.

Kaspi.kz-тің миссиясы – сүйікті клиенттеріміздің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен сервистер жасау. Инновацияның түпқазығы – бұл 14 миллионнан астам қазақстандық пайдаланатын еліміздегі ең танымал Kaspi.kz мобильді суперқосымшасы.

Kaspi.kz суперқосымшасының көмегімен қазақстандықтар төлем жасап, ақша аударады, өз қаржысын басқарады, ұшақ және т/ж билеттерін сатып алады, тегін жеткізу қызметімен заттарды тиімді онлайн сатып алады және ең танымал мемлекеттік қызметтерді пайдаланады. Сондай-ақ бизнес үшін де Kaspi.kz үздік Kaspi Pay қосымшасын шығарды, оны 700 мыңға жуық қазақстандық кәсіпкер пайдаланады.

Бүгінгі таңда Kaspi.kz – акциялары Nasdaq америкалық қор биржасында сатылатын әлемдегі ірі қаржытех компаниялардың бірі. Harvard Business School Kaspi.kz туралы екі оқу материалын жазды. Бұл материал бойынша магистратура студенттері оқиды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары