Анашым, сен маған керексің. Мені асырап алған анам қатты ауырып жатыр. Ес білгелі сіз туралы ойламаған сәтім жоқ.
Туған анасын іздеп жүрген қазақ баласы Жәнібек Савельев қазақстандықтардан көмек сұрап, жағдайдың мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы ол өзінің instagram парақшасында видео жариялап, жазба қалдырды.
"Мен 2023 жылдың соңында Қазақстанға туған анамды іздеп бардым.
Соңғы айларда біз анамды табуға көмектесетін көптеген мәліметке қол жеткіздік.
Мысалы, «Бармысың, бауырым?» редакциясы ДНҚ зерттеулері арқылы мен туған кезде басқа баламен ауыстырылған болуым мүмкін екенін анықтады.
Менің туған шешем менің оның туған ұлы екенімді білмейтін шығар, менің оқиғамды естімей жүрген шығар... мүмкін оның 2002 жылдың қаңтарында дүниеге келген баласы мен шығармын. Ол қазір менің орныма ауысып кеткен баланы туған ұлым деп ойлап жүруі де мүмкін ғой...
Анашым, сен маған керексің. Мені асырап алған анам қатты ауырып жатыр. Ес білгелі сіз туралы ойламаған сәтім жоқ.
Құрметті қазақстандық әкелер, аналар, бауырлар!
Өтінемін, осы видеоны барынша таратыңыздаршы. Өтінішім туған анама немесе туыстарыма жетеді деп үміттенемін", - деп жазба қалдырды Савельев,