$ 471.46  504.79  5.53

Алматыдағы автобус апаты: Салон ішінен түсірілген бейнежазба тарады (ВИДЕО)

KIA кроссоверін қыз басқарған.

Фото: CMN
Фото: CMN

Алматыдағы апатқа ұшыраған автобустың камерасы түсіріп алған бейнежазба әлеуметтік желідегі парақшаларға жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Оқиға Мақатаев және Масаншы көшелерінің қиылысында болды. Қоғамдық көлік камерасы түсірген бейнежазбадан Мақатаев көшесінің бойымен келе жатқан автобусқа жеңіл көліктің соғылғанын көруге болады.

KIA кроссоверін қыз басқарған. Алдын ала мәліметтер бойынша, қыз автобустың келе жатқанына көз жеткізбей, қиылысқа шыққан. Қалған деректер тергеу арқылы анықталады.

Еске салайық, Алматыда 18-ші бағыттағы автобус апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты.

Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасы автобустың ішінде болған жолаушылардың 25-і зардап шеккенін мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулы 20

Серіктес жаңалықтары