$ 494.87  520.65  4.91

43 градус аптап ыстық күтіледі: Синоптиктер алдағы күндерге болжам жасады

Еліміздің шығысында, оңтүстік-шығысында  +40+43°С градусқа дейін аптап ыстық сақталады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қазгидромет мамандары Қазақстан бойынша 27-28 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. Таяу күндері ел аумағының басым бөлігіне циклон әсер етеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің батыс және солтүстік-батыс өңірлерінде найзағай болып, нөсер жаңбыр жауады. Бұршақ түсіп, қатты жел соғады.

Жаңбыр қарқыны 27 маусымда оңтүстік-батыста, 27-29 маусым күндері солтүстік-батыста, 28-29 маусым күндері еліміздің батысында, солтүстігінде қатты болады. Еліміздің шығысы мен солтүстік-шығысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Елімізде аптап ыстықтың беті 27 маусым күні солтүстік-батыста, 28-29 маусым оңтүстікте, 29 маусым солтүстікте, орталықта қайтады. Еліміздің шығысында, оңтүстік-шығысында  +40+43°С градусқа дейін аптап ыстық сақталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары