$ 494.87  520.65  4.91

«Неге орысша сұрамайсыз?»: Черчесовке қазақша сұрақ қойған Нұрсұлтан Құрман ұнамай қалды

Нұрсұлтан Құрман бастапқыда қазақша қойған сұрағын ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов орысшаға аударып берген. 

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Бүгін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Астанада алғаш рет баспасөз мәжілісін өткізді. Жиын барысында журналист Нұрсұлтан Құрманның қайта-қайта қазақша сұрақ қойғаны ресейлік маманға ұнамай қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Qaz365.kz жазуынша, Нұрсұлтан Құрман бастапқыда қазақша қойған сұрағын ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов орысшаға аударып берген. Ал кезекті рет қазақша сауал тастағанда Станислав Черчесов ренішін айтты.

«Неге орысша қоймайсыз? Мен қазір сізге өз ана тілімде жауап берсем не болады? Бірақ ол кезде ешкім түсінбейді. Осының алдында қазақша сауалыңызды федерация президенті аударып берді, енді ол кісіні қайта-қайта әурелемеймін ғой. Өтініш жасау бірінші рет тегін болады, ал кейіннен ондай жүрмейді», –  деді ресейлік бапкер.

Айта кетейік, Станислав Черчесов бұған дейін Венгрия, Польша чемпионаттарында клубтарды жаттықтырған. Ресей құрамасының да тізгінін ұстаған. Былтырдан бері жұмыссыз жүрген еді. Жақында Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиевті алмастырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 26
Күлкілі 2
Ашулы 5

Серіктес жаңалықтары