Ысырыпшылдықты тоқтатуда Президенттің әулеті өзгелерге үлгі болуы керек.
Қырғыз президенті халқынан кешірім сұрапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы белгілі тележүргізуші пікір білдіріп, әлеуметтік желіде пост жариялады.
Оның жазуынша, Садыр Жапаровтың қарындасы (туған інісінің қызы) Ләззат есімді аруға жігіті сөз салды. Жастар махаббат мекеніне тікұшақпен келді. Сөйтсе, бұл ТЖМ-ге тиесілі әуе көлігі екен, дегенмен жалға берілетіні рас. Қысқасы, жігіт сөз салған әдемі сәтті қыз әлеуметтік желіге жариялаған.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Ол білместіктен жасады»: Садыр Жапаров халықтан кешірім сұрады
Мұны көрген Президент көкесі:
«Ысырыпшылдықты тоқтатуда Президенттің әулеті өзгелерге үлгі болуы керек. Елдің сынына қалмай, Мемлекет басшысына сөз келтірмеуге тырысу керек еді. Бұрын басқаларды сынап келсем, енді өз басыма келді. Ең құрмаса, ысырапшылдық жайлы болашақ күйеу бала да ойлау керек еді. Ақыл тоқтатқан (24 жас) ағайын қарындасымның бұл қылығы үшін халықтан елден кешірім сұраймын. Болашақта елдің сын-пікірін ескеріп, содан нәтиже шығарады деп сенемін», - деді Садыр Жапаров.
Осы оқиғаға байланысты журналист Гүлмира Абықай пікір білдірді.
«Сөз салу рәсімін тағы бір қарадым, әр екі жас бір-біріне сезімдерін осылай білдірсе дейсің. Егер, тікұшақты жігіт жалға алған болса тіпті оғаш түгі жоқ. Кезінде біреулердің бауыры вертолеттен уыстап ақша шашып, тойына млрд. долларға әлем жұлдыздарын әкеп ысыраптың көкесі болса да, қой не ұят дегенді естімеппіз. Енді Президентті қойып министр мен елшінің балалары ысырапқа толы аста-төк тойларын ашық жариялай бастады. Тағы қой демедік…», - деп жазды ол.