17.06.2024, 17:46

«Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы: ІІМ өкілдері халыққа темекі мен ішімдікке тәуелділіктің салдарын түсіндірді

Фото: Ішкі істер министрлігі

Нәтижесінде бір күнде жергілікті рейд кезінде полицейлер 7 түнгі клуб пен барды тексерді. Осы анықталған фактілер бойынша әкімшілік іс қозғалды. Кальян қолданатын тәртіп бұзушыларға 15 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен қабылданған «Қауіпсіз ел» ұлттың жобасы аясында құзырлы орган қызметкерлері күнделікті іс-шаралар қабылдауда. Әсіресе, азаматтарымыздың денсаулығына зиян келтіретін ішімдік пен темекі өнімдеріне тәуелділіктің азайту мақсатында түрлі күрес шараларын қолға алған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мәселен, астаналық полицейлер елдегі азаматтардың ішімдікке қызығушылығын төмендету үшін талай рет акция өткізді. «Алкогольді тоқтат!» акциясы барысында алкогольдік өнімдерді сату бойынша заң талаптарының сақталуын бақылады. Осы мақсатта құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында ішімдік сататын дүкендерге мониторинг жүргізіп, тексерді. Сатушыларға, дүкен иелеріне  алкогольдік өнімдерді сатуға қатысты заң талаптарын сақтауына қадағалады. Арнайы мобильді топтар құрылды. Нәтижесінде Қазақстан заңнамасын бұзудың 38 дерегін анықтады. Ақырында заң бұзушыларға қатысты жиналған материал сотқа қарауға жолданды. Бұдан бөлек, елордада полицейлер ойын-сауық орындарында кальянды заңсыз тұтынуды анықтады. Тіпті учаскелік инспекторлар темекі өнімдері мен кальян қоспаларын тұтыну үшін арнайы орындар бөлуді қарастыратын ҚР заңнамасын бұзу фактілері анықталды. Нәтижесінде бір күнде жергілікті рейд кезінде полицейлер 7 түнгі клуб пен барды тексерді. Осы анықталған фактілер бойынша әкімшілік іс қозғалды. Кальян қолданатын тәртіп бұзушыларға 15 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Осы орайда, Ішкі істер министрлігінің өкілдері  халыққа заңсыз темекі өнімдерін сату, сақтау және тасымалдау қандай жауапкершілікке алып келетінін түсіндірді.

ІІМ мамандарының түсіндіруінше, биылғы жылдың 20 маусымынан бері вейптерді сатуға тыйым салатын заң шықты. Мысалы, шегілмейтін темекі өнімдері, электрондық тұтыну жүйелері, вейптер және оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылған.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске сәйкес түсіндіре кетейік. Жалпы, барлық шылымның құрамында никотин болады. Мәселен, олардың қатарына темекі жапырақтарының негізінде әзірленетін заттар және олардың синтетикалық аналогтары жкіреді. Бұл өнімдер сору, шайнау, иіскеу үшін әзірленеде. Ал қазіргі шығып жатқан электронды темекілердің жүйелеріне, вейптерге құрамында никотин бар немесе жоқ сұйықтықты, басқа да химиялық заттарды, хош иістендіргіштер шылымдардан түтін шығаруға әсер ететін заттар жатқызылған», - деді ІІМ мамандары.

Айта кетейік, елдегі азаматтардың денсаулығының қауіпсіздігі – қауіпсіз елдің кепілі. Қауіпсіз елде азаматтардың да қауіпсіздігі сақталады. Бұл үшін құзырлы орган қызметкерлері күні-түні үздіксіз қызмет етеді. Заңсыз темекі және алкогольді ішімдіктердің  сақталауына жол бермейді. Сонымен қатар әлбетте, ҚР заңнамасына сәйкес әрекет етеді, заңбұзушылықтың алдын алу үшін мониторинг жүргізуді жалғастыра береді.