$ 494.87  520.65  4.91

Air Astana Ерлан Көкеевтің жоғалған гитарасы туралы түсініктеме берді

Әнші 26 маусымда гитарасын жоғалтып алған.

Фото: ernur.kz
Фото: ernur.kz

Air Astana әуекомпаниясының жоғалған жүкті іздеу қызметінің мамандары Ерлан Көкеевтің шағымы бойынша іздеу жүргізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Air Astana танымал музыкант Ерлан Көкеевтің гитарасын жоғалтып жіберген

Тексеріс нәтижесінде әуежайда қызметкерлер Ерлан Көкеевке гитараны ұшаққа өзімен алып кіруді ұсынғаны анықталды.

Алайда жолаушы затын жүк бөлігіне жіберуді және гитараға "әйнек" белгісін жабысытыруды сұраған.

Әуеуомпания құжаттарына назар салсақ, 25 маусымда Өскемен-Алматы бағытындағы КС302 рейсіне бір ғана гитара тиелген. Камера жазбалары да бұл ақпаратқа дәлел. Жазбадан ұшақ қонғаннан кейін гитара Алматы әуежайына түсіріліп, осы рейс жолаушыларының басқа да жүктерімен жүк қайтару жолағына қойылғаны көрінеді. Осы ұшақтан түскен қызыл бас киім киген жолаушы Ерлан Көкеевтің гитарасын жүк жолағынан алған, деп жазады Air Astana баспасөз қызметі.

Әуекомпания қызыл бас киім киген жолаушыдан Ерлан Көкеевке гитарсын қайтаруды сұрайды.

Болмаса Ерлан Көкеевке жолаушыны анықтап, жоғалған затын іздеп табу үшін құқық қорғау органдарына хабарласуын сұраймыз.

Air Astana өз кезегінде полиция жұмысына жәрдем көрсетіп, видеокамера жазбаларымен қамтамасыз етеді.

Әнші 26 маусымда гитарасын жоғалтып алған.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары