$ 480.55  533.75  5.36

Ақтөбеде ат спорты мектебіне асыл тұқымды жылқы деп мініс аттары алынған

Оқиғадан кейін басшысы да, есепшісі де қызметтен кетті.

Ақтөбедегі ат спорты мектебіне асыл тұқымды жылқы орнына, мініс аттарын сатып алған кәсіпкер жауапқа тартылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Астана" телеарнасынаың мәлімдеуінше, ол бес жылқының құнын толық қайтаруға тиіс.

Былтыр Ақтөбедегі спорт мектебінде аудиторлық тексеріс болған. Сол кезде спорт мектебіне алынған тұлпарлардың асыл тұқымды емес, қарапайым ат екені анықталды. Кәсіпкерде оның асылтұқымды екенін дәлелдейтін құжаттары болмай шыққан.

Оқиғадан кейін спорт мектебінің басшысы да, есепшісі де қызметтен кетті. Көкпаршылар үшін қазына қаражатына сатып алынған бес жылқының құнын сот шешімімен тендерді ұтқан кәсіпкер қайтаратын болды. 

Сотта аудиторлық есеп бойынша жауапкер жеткізген бес бас көкпар спорттық жылқылардың техникалық ерекшелік шарттарына сәйкес келмейтіні анықталды. Жауапкер осы жылқылардың асыл тұқымға жататынын дәлелдейтін құжаттарды, куәліктерді ұсынған жоқ, - деді облыстық соттың баспасөз қызметі өкілі Жансая Таирова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары