$ 479.38  531.63  5.27

Алматыда автобуспен соқтығысқан KIA жүргізушісі елге танымал продюсер болып шықты

Бойжеткен уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Фото: CMN.KZ
Фото: CMN.KZ

26 маусым күні түс ауа Алматыда Мақатаев пен Масанчи көшелерінің қиылысында адам өлімімен аяқталған жол апаты болды. Алдын ала болжам бойынша, қиылыстан өтіп бара жатқан KIA көлігі 18-ші бағыттағы автобуспен соқтығысқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Соққыдан автобус тротуарға шығып кетіп, дүкенге соғылды. Жолаушылардың бірі оқиға орнында көз жұмды, 25-і жарақат алды. 

CMN.KZ сайтының мәліметінше, тергеу департаменті көлікті танымал қазақстандық «5:32» телехикаясының продюсері жүргізгенін анықтады. Маусымның 26-сы күні кешке Алматы полиция департаментінің түсініктемесінде жол апатына себепкер болған жүргізушінің ұсталғаны белгілі болды. Бойжеткен уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Salem Social Media» медиа-компаниясының продюсері 28 жастағы Әнел Сартаева (Уалиева) KIA Sportage көлігін тізгіндеген. Ол «5:32», «Эскорт», «1286» және басқа да танымал қазақ телехикаяларын түсірді. 

Salem Social Media дереккөзі апаттан кейін кешке Сартаеваның жұмыс орнында болғанын айтты. Алайда 27 маусымда медиа-компанияның баспасөз қызметі CMN.KZ тілшісіне продюсердің бұдан былай жұмыста емес екенін, бір аптадан кейін ғана хабарласа алатынын хабарлады. Компания оның келмеу себептерін жарияламады. Сартаева Instagram желісіндегі жеке парақшасын жапты. Екі күн бұрын профильге кіру ашық болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 2
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары