Жылап жүріп баққан балам ғой.
8 жыл бойы қарттар үйінде тұратын 87 жастағы Қүлбаран Шәкенова жанайқайын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әжей бұл туралы «Qazaq Airan» YouTube арнасына берген сұхбаты барысында айтып берді.
87 жастағы әжей туған ұлына ренжіп жүр.
«Ұлымды сағынбаймын. Реніш бар ғой енді. Жылап жүріп баққан балам ғой. Елдің бәрі айтты ғой. «Жылап жүріп бақты ғой сені шешең» деп. Осы келгенінде айттым «кешірдім сені, өміріңді сүріп жүре бер» деп. Алладан енді өлім тілеймін», – деді кейуана.