$ 478.96  533.03  5.22

Аманжол Әлтай ою-өрнек пен шапанды ұлықтайтын заң қажет екенін айтты

Қазақтың шапаны хан кисе де, қара кисе де, қастерлеп киген ұлттық қастерлі мүлкіміз.

Фото: Әдебиет порталы
Фото: Әдебиет порталы

Мәжіліс депутаты ұлттық құндылықтарымыз, ою-өрнек пен шапанымызды заңмен қорғайтын заң қажет екенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол соңғы кезде ұлттық киімімізді қорлап, желіде тараған ерсі видеоларды мысалға келтірді.

«Шапан ол шетелден келген эстрада әншілері, басқа да әркімнің иығына жаба беретін қолжаулық емес. Қазақтың шапаны хан кисе де, қара кисе де, қастерлеп киген ұлттық қастерлі мүлкіміз. Сондықтан да біз шапанның қадір-қасиетін төмендетпеуіміз керек. Қазақтың шапанындағы әр оюдың өзі «сөйлейді». Оның өзі үлкен мәдениеттің үлгісі. Біз кеше ғана мұхиттың ар жағына барған өнер ұжымы жалаңаш үстіне ою жапсырып алып барғандығы – төл мәдениетіміз бен ұлттық құндылықтарымызға түскен қара таңба. Алдағы уақытта ұлттық құндылықтарымызды қорғайтын заң керек деп ойлаймын. Ою-өрнек, шапанымызды заңмен қорғауымыз қажет», - деді депутат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары