$ 494.87  520.65  4.91

«Тиіспе маған, кет бар»: Желіде еңіреп жылаған әйелдің видеосы тарады

Белгісіз еркек әйелдің шашынан сүйреп, неге менің әке-шешеме таңертең ерте тұрып шай бермейсің деген.

Фото: Sputnik / Табылды Кадырбеков
Фото: Sputnik / Табылды Кадырбеков

Зорлық-зомбылыққа қарсы қанша тыйым салынса да, жуан жұдырықтылардың нәзік жандыларды тоқпақтауы азаймай тұр. Желіде жан ұшыра шыңғырған тағы бір әйелдің видеосы тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Видео авторының жазуынша оқиға таңғы сағат 5-те болған. Белгісіз еркек әйелдің шашынан сүйреп, неге менің әке-шешеме таңертең ерте тұрып шай бермейсің деген.

Ал видеодағы келіншек жыларман дауыспен, тиіспе маған, кет бар, деп айқайлауда.

Видеоның қашан, қай жерде түсірілгені туралы әзірге нақты ақпарат жоқ. Бейнежазба әлеуметтік желіде тарап, 150 мыңнан астам қаралым жинап үлгерген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 10
Күлкілі 0
Ашулы 20

Серіктес жаңалықтары