Қазіргі уақытта өрттің ауданы белгіленуде.
Алматы маңында өртенген даланың видеосы әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Ыстықтан бәрі өртеніп жатыр", - дейді кадр сыртындағы дауыс.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, 2024 жылы 28 маусымда сағат 11:09-де Өтеген батыр ауылының 8-ӨСБ байланыс пунктінің 101 желісіне Іле ауданы, Gate City кешенінің жанында орналасқан шөптің жануы туралы хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына келгеннен кейін құрғақ шөп жанғаны анықталды. Елді мекенге және жақын маңдағы құрылыстарға қауіп жоқ. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің ауданы белгіленуде. Жалынды сөндіруге Алматы облысы ТЖД-ның 15 қызметкері және 3 бірлік техника, 1 су тасушы, ЖБО-дан 15 адам және 3 бірлік техника, Алматы қаласы ТЖД-ның 3 қызметкері және 1 бірлік техника жұмылдырылды, - деп хабарлады облыстық ТЖ департаменті.