$ 494.87  520.65  4.91

Павлодар облысында ағайынды екі бала суға батып кетті

11 жасар баланың денесін оқиға куәгерлері судан алып шыққан.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

28 маусымда сағат 00:58-де Торайғыр көліне шомылуға барған 11 және 13 жастағы ағайынды екі бала суға батып кетті. Жеткіншектер шомылуға тыйым салынған жерде суға түскен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өңірлік ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 жасар баланың денесін оқиға куәгерлері судан алып шыққан. Сағат 05: 15-те ТЖД Жедел құтқару отряды күшімен (бес құтқарушы) 13 жасар баланың денесі табылып, судан шығарылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары