Бұл туралы Алматы облысының Полиция департаменті мәлімдеді.
«Алматы-Өскемен» тасжолында 5 көліктің қатысумен жол-көлік оқиғасы болды. Бұл туралы Алматы облысының Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
– Бес автокөліктің қатысуымен жол апаты 28 маусымда «Алматы-Өскемен» автожолының 42 шақырымында болғанын хабарлаймыз. Апат салдарынан Lada Granta автокөлігінің жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлады департамент баспасөз қызметінен.
Сонымен қатар облыстық полиция жол қауіпсіздігі талаптарын бұзбауға, ҚР Жол ережелерін қатаң сақтауға және рұқсат етілген жылдамдық режимінен аспауға шақырды.