$ 494.87  520.65  4.91

«Осындай ырым бар»: Желіде баланы ішекпен қылқындырған жігіттің видеосы тарады

Желі қолданушылары бенежазбаға әртүрлі пікір қалдырған. 

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде ер адамның кішкентай баланы малдың ішегімен қылқындырып жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Видеода ер адам жер үстелдің жанында ойнап жүрген сәбидің артынан келіп, кенеттен мойнына ішек салады. Бала тұншығып, тілін шығарып, қайта-қайта лоқсып, кішкентай денесі бүкірейіп кетеді. Ал дастархан басында отырғандар ер адамның қылығын күле қабылдайды. Бір әйел адамның «жай қылқындыр» деген сөзі естіледі, деп жазады Azattyq-ruhy.

Желі қолданушылары бенежазбаға әртүрлі пікір қалдырған. 

Кейбірі бұл әрекетті «баланың тілі ерте шығу мақсатында осындай ырым бар» деп атаса, кейбірі сәбиді маманға көрсетуге кеңес берген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 4
Күлкілі 1
Ашулы 6

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ырым