29.06.2024, 12:30

ҰБТ-дан 140 балл жинаған түлекке 5 миллион теңге берілді

Фото: astanatv.kz

Ата-анасының үмітін ақтағанына қуанып жүр.

Астанада ҰБТ-дан 140 ұпай жинаған түлекке 5 миллион теңге ақшалай сыйлық табысталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жуырда ғана ҰБТ-дан 140 балл жинаған Р.Қошқарбаев атындағы Қосшы мектебінің оқушысы Ержанова Айымға "Zerdeli" ақыл-ой дамыту орталығының атынан 5 миллион теңге және iPhone 15 телефоны сыйлық ретінде берілді.

"Білімге құштар жақсы ортаға тап болдым. Уақытымды ұтымды пайдалануға тырыстым. Ата-анамның үмітін ақтағаныма қуанып тұрмын. Осы орталыққа 10 сыныптан бастап келіп, дайындалып жүрмін. Дүниежүзі тарихы және ағылшын тілі пәндерін таңдадым. Осы орайда ата-анама және ұстаздарыма алғыс айтамын. Алла қаласа Еуразия ұлттық университетінен екі шет тілі мамандығын таңдап отырмын", – дейді Айым Ержанова.