Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Қостанай облысында жоғалып кеткен 16 жастағы қыздың денесі табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Наша Газета” басылымының дерегінше, 2008 жылғы Дарья Тайронина Әулиекөл кентіндегі үйден 26 маусымда кетіп, содан қайтып оралмаған. Бойжеткенді полицийлер мен еріктілер екі күн бойы іздеді.
28 маусымда қыздың өлі табылғаны белгілі болды.
"Полиция Әулиекөл ауданында 16 жастағы қыздың мәйітін табу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі.