Бишімбаевтің әпкесі Қуандық пен Салтанатқа айырылысып, екі жаққа кетуді ұсынғанын айтқан.
Әлеуметтік желіде Бишімбаевтің әпкесінің сот үкіміне қатысты пікірі қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Менің ойымша, ол ақталуы керек еді, себебі қазір ол барлығының немқұйрылылығы үшін жазаланып жатыр. Көзі тірісінде Салтанаттың ата-анасы да, ағасы да оған немқұрайлы қараған, тіпті Салтанат өз-өзіне немқұрайлы қараған. Оған қамқорлық көрсеткен, ол үшін алаңдаған жалғыз адам Қуандық еді. Ол Салтантты шынайы жақсы көрді. Қазір Қуандықты оны ұрғаны үшін соттап жатқан жоқ, ұрғаннан адам өлмейді", – дейді сотталушының әпкесі.
Бишімбаевтің әпкесі Қуандық пен Салтанатқа айырылысып, екі жаққа кетуді ұсынғанын айтқан.
"Сендерге мұндай қарым-қатынас қажет емес, айырылысыңдар деп ұсыныс айтқан біз едік. Салтанаттың ата-анасына бұған қатысты ештеңе істеген жоқ, ағасы да дәл солай. Сол түні Салтанат ағасы қоңырау шалған, неге келмеген? Неге қайта қоңырау шалмаған, неге іздемеген? Ол телефоны арқылы Салтанаттың қайда жүрегінін көріп отырған ғой. Неге үйінен шығып, көлігіне отырып, үйінің жанындағы мекенжайға бара алмаған? Немқұрайлылық", – дейді Бишімбаевтың әпкесі.