Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігі қайтыс болған балалардың туыстарына көмек көрсетуде.
Қырғызстандағы сел салдарынан екі қазақстандық бала қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
28 маусым күні Қырғызстанда Ош облысының Ноокат ауданында жойқын сел болып, салдарынан 5 адам қаза тапқан еді. Қаза тапқандардың арасында жергілікті тұрғындармен қоса шетелдік туристердің де бар екені анықталды, деп жазады Stan.kz.
Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрлігі Ош облысында сел кезінде зардап шеккендер туралы ақпарат жариялады.
Алдын ала мәліметі бойынша, қаза тапқандар арасында Қазақстанның кәмелетке толмаған азаматтары бар. Қазір екі баланың мәйіті табылды, тағы екі баланы іздеу жұмыстары жүріп жатыр.
Қазақстандық дипломаттар жергілікті билікпен тұрақты байланыста екені хабарланды. Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігі қайтыс болған балалардың туыстарына көмек көрсетуде.
Еске салсақ, бұған дейін Қырғызстанда алапат селден бес адамның қаза тапқаны туралы хабар тараған еді.