Жол апаты 30 маусымға қараған түні сағат 02:50-де болды.
Алматыда «Алтын Орда» базарының маңында мопед жүргізушісі әйел адамды қағып кетті. Жол апаты салдарынан екеуі де қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Алматы полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 30 маусымға қараған түні сағат 02:50-де қаланың Наурызбай ауданында болды.
Мопед жүргізушісі, 2002 жылы туған жас жігіт Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, 25-30 жастар шамасындағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Әйелдің кім екені анықталып жатыр. Апат салдарынан мопед жүргізушісі де, жаяу жүргінші де оқиға орнында қаза тапты, - делінген хабарламада.