$ 480.55  533.75  5.36

Ұрып-соғып, балағаттаған: Ақтауда полицейлердің ер адамды күштеп ұстаған видеосы тарады

Төртеуі көтеріп, қолын арқасына бұрап үлгереді.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Желіде полиция қызметкерлерінің ер адамды күш қолданып, еркінен тыс ұстағаны жазылған видео тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Lada сайтының жазуынша, оқиға Ақтау қаласында 29 маусым күні,  27-ші шағын ауданда,  №43 үйдің маңында болған.

Кадрлардан тәртіп сақшыларының бірі ер адамды ұстап тұрғанда, екіншісі оның басынан қол-аяғымен ұрып-соғып жатқанын байқауға болады.

Бір мезгілде екі тәртіп сақшысы да жан-жағына қарайды. Көп ұзамай кадрда тағы екі полицей пайда болып, төртеуі ер адамды көтеріп, қолын арқасына бұрап үлгереді. Ұстау кезінде тәртіп сақшыларынан балағат сөздер айтқаны естілді.

Маңғыстау облысы Полиция департаментіндегілер бұл дерек бойынша тексеріс жүріп жатқанын хабарлады.

Тексеріс нәтижесі бойынша шешім шығады, - делінген ведомство хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары